Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Басқа жоғары оқу орындарынан ауысу

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына басқа жоғары оқу орындарынан ауысу бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына білім алушыларды басқа жоғары оқу орындарынан ауыстыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 25 «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің әскери арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай Шырақбек Қабылбаев атындағы академиясына ауыстыру тәртібі:

Білім алушыларды Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына (бұдан әрі - Академия) ауыстыру курстан курсқа бір оқыту нысанынан екіншісіне бір тілдік бөлімнен екіншісіне бір мамандықтан екіншісіне басқа жоғары білім беру ұйымдарынан жүзеге асырылады.

Білім алушыларды ІІМ-нің бір арнаулы оқу орнынан ІІМ-нің басқа арнаулы оқу орнына ауыстыру бос қабылдау орындары болған жағдайда ІІМ арнаулы оқу орындарының келісімімен жүргізіледі.

Білім алушыларды басқа жоғары білім беру ұйымдарынан Академияға бос қабылдау орындарына ауыстыру жазғы емтихан сессиясының (аралық аттестаттау) қорытындылары бойынша конкурстық негізде оқу жылының нәтижелерін және тиісті курста бос орындар болған кезде Академияда белгіленген үлгерімнің орташа балын сол курсқа ауысу балынан төмен болмауын ескере отырып жүзеге асырылады.

Академияға басқа жоғары білім беру ұйымдарынан ауысуға ниет білдірген үміткер Академия бастығының еркін нысанда атына ауысу туралы өтініш береді.

Ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • Академияға ауыстыру туралы өтініштің көшірмесі және бұрынғы оқу орнынан ауысуға басшының қолы қойылған және мөрмен бекітілген жазбаша келісім;
  • Оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскриптің көшірмесі;
  • Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсырғаны туралы сертификат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер болса)

Тиісті курста бос орындар болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Академия бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары Академияға ауыстыру туралы қорытынды шығарады.

Қорытындының көшірмесі тұрғылықты жері бойынша аумақтық ішкі істер органының кадр қызметіне жіберіледі.

Азаматтық жоғары оқу орындарынан ауысу тәртібі
transfer-from-another-university

ІІО кадр қызметі:

  • Оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады;
  • Оқуға кандидат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау 42-тармағының талаптарына сәйкес болған жағдайда (42. Қызметке жарамдылығын анықтау үшін оқуға үміткерлер медициналық және психофизиологиялық куәландырудан оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді) кадр қызметі Академияға кандидаттың жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді.

Академия пошта арқылы бес жұмыс күні ішінде жеке істі, қорытындының, транскриптің көшірмесін, жұмыс оқу жоспарын, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне оқуға кандидатты Академияға ауыстыру мәселесін келісу үшін жолдайды.

Академия ұсынған ауысу туралы материалдарды ІІМ комиссиясы жылына бір рет қарайды.

ІІМ комиссиясы материалдарды қарау нәтижесі бойынша білім алушыны Академияға ауыстыру немесе ауыстырудан бас тарту туралы он бес күн ішінде шешім қабылдайды.

ІІМ комиссиясының шешімі негізінде Академия бастығының бұйрығымен оқуға кандидат Академия білім алушыларының қатарына қабылданады.

Академия бастығы оқуға кандидатты ІІМ арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оқуға кандидат бұрын оқыған жоғары білім беру ұйымынан оның оқу ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Сұрау салуға оқуға кандидатты білім алушылар қатарына қабылдау туралы Академия бастығы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.