Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Мақалаларға қойылатын талаптар

«Ғылым» халықаралық ғылыми журналында жарияланатын мақалаларға қойылатын талаптар:

МАҚАЛАНЫ ЖУРНАЛДА ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР:
  1. - мақалада бұрын-соңды жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған, «Құқық» мамандығы саласындағы өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелері қамтылуы тиіс. Ғылыми мақалада ғылыми зерттеудің, эксперименталды немесе аналитикалық қызметтің аралық немесе түпкілікті нәтижелері баяндалуы қажет. Мақала бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсынымдарды қамтуы тиіс; немесе жалпы тақырыпқа байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарауға (жүйелі шолу) арналуы керек. Мақалада шетелдік зерттеушілердің ұқсас мәселелер бойынша ғылыми еңбектеріне шолулар мазмұндалуы керек, сонымен қатар «Ғылым-Наука» журналының алдыңғы шығарылымдарындағы кемінде бір мақалаға сілтеме болуы тиіс;
  2. - ӘOЖ (әмбебап ондық жіктеу) болуы тиіс;
  3. - үш тілде (қазақ (шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс және ағылшын) жазылған автор(лар) туралы деректер, мақаланың атауы, аңдатпа және түйін сөздерд және әдебиеттің транслитерацияланған тізімі болуы тиіс;
  4. - тең авторлық 3 автордан артық болмау керек;
  5. - авторы (авторлары) қол қойған 6-8 бет көлемдік мақалалар. Көлемі 8 беттен асатын мақаланы қабылдау бас редактормен келісіледі;
  6. - мақалада мемлекеттік құпияны қамтитын мәліметтер және «Қызметте пайдалану үшін» деген белгісі бар мәліметтер жоқ екендігі туралы автордың анықтамасы болу керек;
  7. - журналға жазылу түбіртегінің көшірмесі болу керек. Журналдың индексі - 75383.
МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІКТЕРІНІҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ:
  1. Мақаланың құрылымы:
    • ӘOЖ (әмбебап ондық жіктеу);
    • мақаланың атауы (тақырыбы) (қалың бас әріптермен), автордың (авторлардың) толық Т.А.Ә., оның ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аффилиациясы (ұйымының атауы), елдің атауы және барлық жарияланым авторларының (оның ішінде негізгі авторын көрсете отырып) пошталық мекен-жайы, электрондық адресі қазақ (шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс, ағылшын тілдерінде. Егер ұйымның атауында қала көрсетілмеген болса, онда ұйымның атауынан кейін үтір арқылы қала мен елдің аты жазылады (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ.). Егер мақаланы бірнеше автор дайындаған болса, олар туралы деректер мақалаға қосқан үлестерінің маңыздылығына байланысты тәртіппен көрсетіледі;
    • аңдатпа қазақ (шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс, ағылшын тілдерінде (аңдатпада зерттеудің мәні мен қолданылған әдістері баяндалады, неғұрлым маңызды нәтижелер мен олардың маңыздылығы жинақталады, аңдатпа көлемі – 200-300 сөз);
    • түйін сөздер – олар мақала мәтінін іздеуге және оның пәндік саласын анықтауға арналған (қазақ (шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс, ағылшын тілдерінде);
    • мақала мәтіні. Мақала мәтінінің құрылымы:
      • кіріспе;
      • әдебиетке шолу;
      • негізгі бөлім (әдіснама, нәтижелер);
      • қорытынды (қорытынды және зерттеудің одан әрі перспективалары);
    • әдебиеттер тізімі - мақаланы дайындау кезінде пайдаланылған ақпараттық көздер мақаланың соңында орналасады. Ақпараттық көздер оларға мақалада сілтеме жасау тәртібімен орналастырылады. Сілтемелер нөмірі мақала мәтінінде тік жақшада рәсімделеді, мысалы: [1, б. 15]. Мақалада қолданылған әдебиеттер тізімі «ГОСТ 7.1-2003. Мемлекеттік стандарт. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелеріне» сәйкес рәсімделеді. Интернет-ресурстарға сілтеме жасағанда авторы, мәтіннің тақырыбы, алынған көзі, материалдың толық электрондық мекенжайы, оның ашылған уақыты көрсетіледі. Жеке хабарламаларға, есептерге, қорғалмаған диссертацияларға және басқа да жарияланбаған материалдарға сілтеме жасауға рұқсат етілмейді;
    • мақалада пайдаланылған әдебиеттің (дереккөздердің) транслитерацияланған тізімі.
  2. Мақаланың соңында: «мақала бірінші рет жарияланады» деген жазба болуы керек және жазба жазылған күн мен автордың (авторлардың) қолы қойылады.
  3. Суреттер (графикалық материалдар) барлық бөлшектерінің айқын көрсетілуін қамтамасыз ететін форматта анық салынған және нөмірленген, қол қойылған болуы және электрондық тасығышта ұсынылуы керек.
  4. Жарияланатын мақаланың сапасын, нәтижелердің дұрыс және дұрыс мазмұндалуын қамтамасыз ету мақсатында бір жақты жасырын («соқыр») рецензиялауды қолдана отырып, мақалалар тиісті тақырып бойынша ғалымдардың немесе мамандардың рецензиялауынан өтеді. Мақалалардың авторларына рецензия жіберілмейді.