Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Докторантура

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығында көзделген.

PhD докторантураға ішкі істер органдарының ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және «заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі бар құқық қорғау органдарында практикалық жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде үш жылы бар қызметкерлер қабылданады.

ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға үміткерлер тұрғылықты жері бойынша ІІМ ҚАЖК аумақтық полиция департаменттерінің Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің кадр жұмысы басқармасына өтініш береді.

Докторантураға оқуға кадр қызметтері кандидаттарға арналған оқу ісін ресімдейді, онда мынадай құжаттар болуы тиіс:
  1. Аумақтық бөлімше басшысының атына оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянаты;
  2. Қызметтің соңғы кезеңіндегі қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;
  3. Іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесі;
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  6. Магистратураны бітіргені туралы дипломның куәландырылған көшірмесі;
  7. Өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет;
  8. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  9. Шет тілі бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын, неміс, француз);
  10. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда);
  11. Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі.
Оқу шарттары мен қабылдау ережелері туралы қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады:

Қостанай қ., Абай даңғылы, 11

8 (7142) 39-02-98 вн(1034), +7 700-482-74-14

PhD докторантураға түсуге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Докторантураға түсу емтихандары 4 тамыздан 20 тамызға дейін қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Slide 1
Slide 2
Slide 3
Slide 4
Slide 5