Бакалавриат
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ІІО әкімшілік-құқықтық қызметі, ІІО қылмыстық-атқару қызметі бағыттары бойынша жүргізеді.
ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР:
- Мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Жайлы жабдықталған жатақханада тұру, стипендия алу, азық-түлікпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, қалааралық автомобильмен (таксиден басқа), теміржол және су көлігімен демалыс кезеңінде тұрақты тұратын жерге және кері қайтуға жол жүру ақысы төленеді;
- Күндізгі оқу нысаны бойынша толық курсты аяқтағандар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі;
- Бөлуге сәйкес қызмет өткеру жолдамасымен түлектерді жұмысқа орналастыру;
- Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге «Құқық қорғау қызметінің бакалавры» біліктілігі берілген белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен «полиция лейтенанты» немесе «әділет лейтенанты» арнайы атағы беріледі.
ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ:
- Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар он алты жасқа толған адамдар қабылдана алады.
- ҰБТ тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындарының базасында ағымдағы жылдың 25 маусымы мен 5 шілдесі аралығында өткізіледі.
- Талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес кез келген вариацияда (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейіндік пәнді өз бетінше таңдай алады.
- Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша 50 балдан кем емес оның ішінде әрбір бейіндік пән бойынша 5 балдан кем емес жинау қажет.
- Құжаттар қабылдау жылдың 10 шілдесіне дейін Қостанай академиясының сайтында (kpagov.kz) медициналық тексеруден өтуге жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін «Бакалавриат» онлайн-қабылдау сілтемесі арқылы қабылданады.
Медициналық куәландырудан, арнайы тексеруден және ҰБТ-дан сәтті өткеннен кейін оқуға кандидаттар Академияның оқу-дала лагеріне конкурсқа қатысу үшін ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балына сәйкес медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеудің нәтижелерін ескере отырып шақырылады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттар үшін дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтер
Ұлдар үшін
№ | Тестердің атауы | Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық |
---|---|---|---|---|
1 | 100 метрге жүгіру (сек) | 14.0 | 14.5 | 15.0 |
2 | 1000 метрге жүгіру (мин/сек) | 3.40 | 3.50 | 4.0 |
3 | Тартылу (саны/рет) | 11 | 9 | 7 |
Қыздар үшін
№ | Тестердің атауы | Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық |
---|---|---|---|---|
1 | 100 метрге жүгіру (сек) | 16.0 | 16.5 | 17.0 |
2 | 1000 метрге жүгіру (мин/сек) | 4.40 | 5.0 | 5.20 |
3 | 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру (саны/рет) | 35 | 30 | 25 |
Білім алушыларды оқудан шығарудың негіздері мен тәртібі:
Білім алушыларды оқудан шығарудың негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 06 қаңтардағы Заңымен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 13.01.2016 жылғы № 20 бұйрығымен регламенттеледі.
Құжаттардың тізімі
- Кандидаттың жеке куәлігі
- Әскери билет/әскери есепте жағдай белгісі бар саптық қызметке жарамдылығы көрсетілген тіркеу куәлігі және кейінге қалдыру себептері туралы анықтама
- ЖСН көрсете отырып жақын туыстарының жеке куәліктері (14 жастан бастап адамдарға туу туралы куәлік)
- Кандидаттың мекенжайлық анықтамасы
- Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда)
- Нотариат куәландырған білім туралы құжаттардың (орта, орта білімнен кейінгі) көшірмелері не «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша білімін аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама
- Кандидаттың туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі
- Неке қию және некені бұзу, балалардың тууы туралы құжаттар
- Салық комитетінен декларацияны тапсыру туралы анықтама (жұбайына)
- Күні көрсетілген мөрмен расталған мінездемелер (қызметтік, оқу және т.б.)
- ҚР ІІМ-не жіберу туралы педагогикалық кеңестен үзінді көшірме (оқуға кандидаттар үшін)
- Фотосурет 9х12 = 1 сурет (іскерлік киім стилі, бас киімсіз)
- Өмірбаян (қолмен жазылған және компьютерде терілген)
- Сауалнама
- Зерттеуге және тексеруге келісім беру туралы өтініш
- Жеке іс қағазы
- Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасуға заңды өкілдердің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін)
- Жеңілдікті растайтын құжат
- ҰБТ сертификаты