Биыл Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 79 жыл. Академияның оқу залында «Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме жадығаттары Ұлы Отан соғысы жылдарындағы армия мен кеңес халқының ұлы ерлігі, республикамыздың жауды жеңуге қосқан үлесі туралы айтылады. Қостанай облысының тумалары - жауынгерлердің ерлігі, «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» ұранымен республика және облыс тұрғындарының тылдағы еңбек жылдары орын алады. Көрмеде ҰОС-да қаза тапқан Қостанай облысының жауынгерлері туралы «Естелік кітабы», сондай-ақ соғысқа қатысушылар мен біздің замандастарымыздың деректі материалдары мен естеліктері ұсынылды.
2024 ж. 06 мам., 07:28:25