Интернетке тәуелділік бұрыннан мойындалған психологиялық сырқат, ал әлеуметтік желілерге тәуелділік - оның жаңа түрі болып табылады. Бұл құбылыстың себептері түсінікті: әр адамның ол қанағаттандыруға тырысатын айқын және жасырын қажеттіліктері бар - бұл қарым-қатынас, өзін-өзі жүзеге асыру, уақытты үнемдеу немесе басқа нәрсе болуы мүмкін, ал әлеуметтік желі оларды қанағаттандыру сезімін береді. Осы және басқа да әлеуметтік желілердің жасырын қауіптері жайында сарапшы-талдаушы, астаналық IT-жобасының жетекшісі Александр Антипин онлайн-кездесуде айтып берді. Қостанай академиясының тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспектор-психологы полиция подполковнигі Сәуле Байгабулова ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесімен бірлесе кәсіби оқыту факультетінің 1 курс курсанттары үшін «Әлеуметтік желілердің әсері: сіздің өміріңізге көрінбейтін қауіптер» атты іс-шара ұйымдастырды.
2024 ж. 02 ақп., 08:27:32