Магистратура
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығында көзделген.
Магистратураға құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға үміткерлер тұрғылықты жері бойынша ІІМ ҚАЖК аумақтық полиция департаменттерінің Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің кадр жұмысы басқармасына өтініш береді.
Магистратураға оқуға кадр қызметтері кандидаттарға арналған оқу ісін ресімдейді, онда мынадай құжаттар болуы тиіс:
- Аумақтық бөлімше басшысының атына оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянаты;
- Қызметтің соңғы кезеңіндегі қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;
- Іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесі;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Шет тілі бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын, неміс, француз);
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
- Өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).
Оқу шарттары мен қабылдау ережелері туралы қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады:
Қостанай қ., Абай даңғылы, 11
8 (7142) 39-02-98 вн(1034), +7 700-482-74-14
Магистратураға түсуге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Магистратураға түсу емтихандары 4 тамыздан 20 тамызға дейін қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.