Оқуға қабылданушыларға
Неліктен бізді таңдайды?
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі қылмыстық-атқару жүйесі бағыттары бойынша мамандарды даярлау
Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі
Қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бірден-бір жоғары оқу орны
Тегін оқыту, тұру, тамақтану, медициналық қызмет көрсету, киім-кешек
Халықаралық тану, INTERPA мүшесі (Халықаралық полиция академияларының қауымдастығы)
Түлектерді кепілдікпен жұмысқа орналастыру және еңбек нарығында олардың жоғары сұранысқа ие болуы
Тәжірибеге бағдарланған оқыту (оқу полигондарының болуы)
Академия спорттық және жауынгерлік самбо бойынша кадрларды даярлаумен танымал
Жұмыс берушілердің ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлектерін жоғары бағалауы
Оқуға қабылдау кезінде жеңілдіктердің кең аясы
Стипендия төлеу
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс | 6B123 Қоғамдық қауіпсіздік | "6B12301 - Құқық қорғау қызметі" | «6B12301 - Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | 4 жыл |
7M12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс | 7M123 Қоғамдық қауіпсіздік | "7M12301 - Құқық қорғау қызметі" (ғылыми және педагогикалық бағыт) | «7M12301 - Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | 2 жыл |
8D12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс | 8D123 Қоғамдық қауіпсіздік | "8D12301 - Құқық қорғау қызметі" | «8D12301 - Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)/ ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы | 3 жыл |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Академияда оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» Оқу аяқталғаннан кейін курсанттар келесі лауазымдарға тағайындалады:
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі:
- Учаскелік полиция инспекторы;
- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы;
- Әкімшілік практика инспекторы;
- Көші-қон қызметі тобының инспекторы;
- Патрульдік полиция қызметінің инспекторы;
- Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі;
- Жедел басқару орталығының инспекторы;
- Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор;
- Табиғатты қорғау полициясының инспекторы;
- Азаматтық қару-жарақ айналымын бақылау жөніндегі инспекторы.
Қылмыстық-атқару жүйесі:
- Пробация қызметінің инспекторы;
- Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы;
- Жедел бөлімнің жедел уәкілі;
- Тәртіптік бөлімнің жедел уәкілі;
- Мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары;
- Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы;
- Теологиялық және оңалту жұмыстарының инспекторы;
- Арнайы есепке алу инспекторы.
Академияда оқудың артықшылықтары:
- Жатақханада тегін тұру;
- Стипендия алу;
- Азық-түлікпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету;
- Тегін медициналық қызмет көрсету;
- Каникулдық демалыс кезеңінде жол жүру құнын төлеу;
- Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі;
- Түлектерге оқуды аяқтағаннан кейін «Полиция лейтенанты» немесе «Әділет лейтенанты» офицерлік атағы және «Бакалавр» академиялық дәрежесі беріліп, жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.
ІІМ оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш немесе Академияға «Онлайн қабылдау» бойынша береді.
Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуден босатылады: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған кандидаттар.
Конкурстан тыс қабылданады:
- Шекті деңгейдегі балл жинаған қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары;
- Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар;
- «Алтын белгі» белгісімен марапатталған мектеп түлектері;
- ҰБТ тапсырған және оның нәтижелері бойынша 100-ден артық балл жинаған тұлғалар.
Кандидаттарға қойылатын талаптар
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- 16 жастан бастап;
- Соттылығы жоқ;
- Бойы: қыздар 160 см-ден бастап, ұлдар 170 см-ден бастап.
Оқу шарттары мен қабылдау ережелері туралы қосымша ақпаратты алуға болады:
Қостанай қ. Абай даңғ, 11
8 (7142) 39-02-98 вн(1034), +7 700-482-74-14