Академияда семинар – тренинг өтті
Академияда семинар – тренинг өтті
2025 ж. 21 мау., 15:00:00
ІІМ Қостанай академиясында «Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту: теориялық және практикалық аспектілер» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараның спикері қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының доценті Мырзабек Туйганов ҚАЖД қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша Мұсылмандар діни басқармасының имамдары мен Дін істері басқармасының теологтары үшін сөз сөйледі. Семинар барысында сотталғандармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері, құндылықтық бағдарларды қалыптастыру, сондай-ақ радикалды көзқарастағы тұлғалардың ішкі өзгеріске ынталануын арттыру жолдары қарастырылды.
