Тарихта болмаған оқиға!
Тарихта болмаған оқиға!
2025 ж. 02 мау., 15:00:00
ІІМ Қостанай академиясы тарихында болмаған оқиға орын алды! Оқу орны ұжымына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков келді. Мәртебелі қонаққа арналған салтанатты саптан кейін Жандарбек Мәлібекұлы Академия мұражайына барып, еліміздің басты символының құрылу тарихымен бөлісу және сұрақтарға жауап беру үшін ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерімен кездесті. Іс-сапар естелігі ретінде Жандарбек Мәлібекұлы Академия ауласына көк шырша көшетін отырғызды. Іс-шараға облыстық әкімдіктің, шекара қызметінің, жастар құрылымдарының өкілдері қатысты.