Сертификаттар табысталды
Сертификаттар табысталды
2025 ж. 17 мау., 19:00:00
2025 жылдың 9–14 маусымы аралығында мекеме басшыларына арналған «Басқару негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Бұл оқу бағдарламасы басқарушы құрамның кәсіби деңгейін көтеру және басқарушылық құзыреттерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Курс барысында қатысушылар стратегиялық және операциялық басқарудың заманауи тәсілдерімен, жұмысты тиімді ұйымдастыру әдістерімен, ұжым ішіндегі коммуникациямен, сондай-ақ құқықтық реттеу мен кадрларды басқару мәселелерімен танысты. Теориялық білімді бекіту және оны іс жүзінде қолдану дағдыларын дамыту мақсатында практикалық жағдайлар кеңінен талқыланды.
Оқу соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
