Біздің жеңімпаздар!
2025ж. 4-6 маусым аралығында Ақтау қаласында 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарыстарға Қостанай облысы құрама командасының құрамында ІІМ Қостанай академиясының курсанттары қатысты.
Жарыс нәтижелері бойынша:
Спорттық самбо:
1-орын, алтын медаль - Арай Төлеубай (59 кг салмақ дәрежесінде).
Жауынгерлік самбо:
1-орын, алтын медаль - Дильназ Галиаскар (59 кг салмақ дәрежесінде);
1-орын, алтын медаль - Сәндібекұлы Елжан (64 кг салмақ дәрежесінде);
2-орын, күміс медаль - Абайқызы Гүлсезім (54 кг салмақ дәрежесінде);
3-орын, қола медаль - Үсембай Данияр (53 кг салмақ дәрежесінде);
3-орын, қола медаль - Қалдыхан Дінмұхамед (79 кг салмақ дәрежесінде). Жаттықтырушылар мен спортшыларды осы тамаша жеңістерімен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

