Сертификаттар табысталды
Сертификаттар табысталды
2025 ж. 07 мау., 15:00:00
ІІМ Қостанай академиясында Көліктегі полиция басқармасы қызметкерлерінің екі апталық біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды. Білім алу барысында қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалануды реттейтін қолданыстағы заңнамамен, сондай-ақ оларды пайдалану және қызмет көрсету қызметінде қолданудың практикалық аспектілерімен танысты. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
