Алғашқы кәсіптік даярлық курсы аяқталды
Алғашқы кәсіптік даярлық курсы аяқталды



2025 ж. 02 мау., 20:00:00
ІІМ Қостанай академиясында алғашқы кәсіптік даярлық курстары тыңдаушыларының кезекті шығарылымы өтті. Осы айтулы оқиғамен оларды Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов, сондай-ақ жоғары оқу орнының құрметті қонақтары құттықтады. Оқытудың маңызды кезеңі аяқталды және алғашқы даярлық курстарының жас қызметкерлері ресми түрде еліміздің құқықтық тәртіпті қорғаушылар қатарын толтырады.



