Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!


2025 ж. 17 сәу., 16:00:00
Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында ІІМ Қостанай академиясының курсанттары куратормен бірге Ұлы Отан соғысы батырлары мәңгілікке кеткен “Даңқ аллеясына” барып, тазалық жұмыстарына жұмыла кірісті. Тазалық жұмыстары барысында, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерді жуып, құрғақ бұтақтарды кесіп, арам шөптер мен қоқыстан тазартты. Сонымен қатар курсанттар құлпытастарды шаң –тозаңнан тазартты. Олар осы игі істерімен ардагерлерге деген ризашылықтарын білдіріп, Отан үшін өз өмірін қиған аталарымыз бен әкелерімізге тағзым етті.


