Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Серік Галиевпен кездесу өтті

Серік Галиевпен кездесу өтті

ІІМ Қостанай академиясында «Көшбасшылық дәрістер» жобасы аясында заң ғылымдарының кандидаты отставкадағы полиция полковнигі, жедел-іздестіру қызметі кафедрасының профессоры Серік Жақыпбекұлы Галиевпен кездесу өтті. Ол алғашқы кәсіптік даярлық курстары тыңдаушыларының назарын құқық қорғау органдарының жұмысындағы құқықтық сана мен моральдық-этикалық нормалардың маңыздылығына аударды. Профессор Галиев қазіргі полиция қызметкері жоғары кәсіби дайындық деңгейіне ие болып қана қоймай, сонымен қатар заң шегінде әрекет ете отырып, азаматтардың құқықтарын қорғай отыра, өзгеріп отырған жұмыс жағдайларына жедел әрекет ете білуі қажет екенін атап кетті. Кездесу достық пен жұмыс атмосферасында өтті, болашақ мансап үшін көптеген әсерлер мен пайдалы ақпарат қалдырды.

698c2b32ba3558f5cb7a5f9719f091b22a4ae4dc.jpg2f83ebdc602cacf393e3150e29897ae85ff47529.jpg
2025 ж. 21 қаң., 16:00:00