Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Облыстық «Полилог» конкурсы

Облыстық «Полилог» конкурсы

ІІМ Қостанай академиясының курсанттары облыстық «Полилог» сөйлеу құзыреттілігі конкурсына қатысты. Қостанай облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 20 қатысушысы арасындағы тартыстың нәтижесінде екінші курс курсанты Маратбек Болатбек үшінші орынды иеленді, ал Әкімжан Сапарабаев алғыс хатпен марапатталды. Конкурс Қазақстан Республикасының дамуы тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, кәсіпкерліктің және жастар қозғалысының өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының Қостанай облысы ҚМУ Жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша «Жастар Рухы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

5ef3924423c837d03903ab065ff954a6b1312e13.jpg
2024 ж. 26 қыр., 15:00:00