Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Ишарат тілін оқыту сабағы

Ишарат тілін оқыту сабағы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың тапсырмасын орындау барысында алғашқы кәсіптік  даярлық және біліктілікті арттыру курстары шеңберінде Қостанай академиясында  ишарат тілін оқытудың бірінші сабағы өткізілді. Бұл шара ішкі істер органдарындағы инклюзивтілікті дамытуға жасалған маңызды қадам болды. Сабақ есту қабілеті нашар адамдарды оқытуда және олармен жұмыс  жасауда мол тәжірибесі бар «Мені тыңда» қоғамдық қорының сертификатталған сурдопедагогы Роза Джейланның қатысуымен өткізілді. Ол өз білімі мен тәжірибесін тыңдаушылармен бөлісті. Оқыту барысында  тыңдаушылар ишарат тілінің негіздерін үйренді, оның құрылымы мен ерекшеліктері туралы түсінік алды, мәдени және коммуникациялық айырмашылықтарды түсіну және құрметтеу маңыздылығын білді. Осындай сабақтарды өткізу тұрақты түрде жоспарлануда. 

2e008ab64d282bcfe34ee4098b17dc801e37e8b4.jpgb16bcaafa7936ce70bf9d5fd1276110a279d63e4.jpg11fe04fea0f157b40b5b16227e6d969b57a0a02b.jpg
2024 ж. 01 қыр., 15:30:00