Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының отырысы
Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының отырысы
Бүгін философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері» тақырыбында докторант Л.А. Жұбандықованың диссертациялық зерттеуін талқылау бойынша қылмыстық құқық және криминология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті.
Талқылауға ғылыми кеңесшілері, ішкі және сыртқы рецензенттері мен Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Автордың қорғауға шығарылғын ғылыми ережелері Ғылыми әлем өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырып, құқық қолдану практикасындағы өзекті мәселелер талқыланды. Талқылау нәтижелері бойынша оң пікірлер мен ұсыныстар берілді.
Докторантқа диссертацияны қорғау жолында табыс тілейміз.
2024 ж. 28 мау., 21:30:00