Кеше құқық қорғау органдары арасында баскетболдан қызықты турнир өтті. «Динамо» ФСБ Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен бірлесе отырып, "Шанс" баскетбол мектебі және Қостанай қалалық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен ұйымдастырылды.Баскетболға 8 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ойыншыларынан құралған командасы жеңіске жетіп, 1-орынға ие болды. Турнирдің үздік ойыншысы болып, 1 курс курсанты Темирлан Алашбаев танылды. Баскетбол командасын полиция майоры Мадияр Қалқаманұлы мен полиция подполковнигі Серік Сыздықов дайындады. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және спорттық жетістіктеріне одан әрі табыс тілейміз!



