Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Бұл барлық қатысушылар үшін өте қызықты да танымды іс-шара болды. Біз айтып кеткендей, жақын арада ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері 6697 әскери бөлімінде болды. Сонымен қатар осы күні Қостанай қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары да танысу экскурсиясымен әскери бөлімге қонаққа келген болатын. Балалармен Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов кездесті. Полиция генерал-майоры оларға полиция қызметкері мамандығы, Қостанай академиясында оқудың келешегі туралы айтып, мамандық таңдауда полиция ЖОО-на түсу мүмкіндігін қарастыруға кеңес берді.16_01_1.jpg16_01_2.jpg16_01_3.jpg
2024 ж. 16 мам., 06:06:47