Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөліміне барды. Олар мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың міндетін атқару шарттарымен және әскери бөлімнің тарихымен танысты, тұрмыстық үй-жайларда, жаттықтыру залында болды, оларға әскери техника, қару-жарақ, киім-кешек көрсетілді. Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесіп, жеке құрамға қызметтік-жауынгерлік іс-қимылда табыс тіледі. Сонымен қатар, тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Аужанов Қостанай академиясында білім алу перспективалары туралы айтып берді.15_02_1.jpg15_02_2.jpg15_02_3.jpg15_02_4.jpg
2024 ж. 15 мам., 07:11:03