Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының командасы жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Сот-сараптама және сот сараптамасының үздік сарапшылары» «КримЭкс- 2024» беделді халықаралық кәсіби шеберлік байқауынан күміс жүлдемен оралды. "Право хранители" символдық атауы бар командамыз жоғары кәсіби білім деңгейін көрсете білді және еліміздің әртүрлі университеттерінен келген 8 мықты команданың ішінде мәреге екінші болып келді.ҚР ІІМ Қостанай академиясының командасын полиция капитаны Н.Б. Пряхина (команда капитаны), әділет подполковнигі А.Ш Алдыяров, полиция майоры С.А. Досболова, полиция аға лейтенанты Қ.Ж.Қайыржанов, полиция аға лейтенанты А.Т. Рахметқали; топқа қылмыстық іс жүргізу және криминология кафедрасы бастығының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Е.С. Акимжанов жетекшілік етті. Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов сот-сараптама және криминалистика мамандарын жеңістерімен құттықтап, бұл жеңіс жаңа белестер мен асуларға алғашқы қадам болатынына сенім білдірді!10_01_1.jpg10_01_2.jpg10_01_3.jpg
2024 ж. 10 сәу., 06:30:32