Бүгін 6 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ тергеу органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының тергеу бөлiмдерiнiң пайда болу тарихы 1963 жылдан басталады. Аталмыш мереке тергеу аппаратының батыл және өз ісіне адал қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып табылады. Сонымен қатар Академияның курсанттары мен тыңдаушыларының жедел жұмыс іскерлігі мен дағдыларының қалыптасуына лайықты үлес қосатын Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы мен қылмыстық құқық және криминология кафедрасы қызметкерлерін құттықтаймыз.
2024 ж. 06 сәу., 06:00:56