Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Осы күндері Тараз қаласында 2004-2007 жылдары туылған жастар арасында спорттық самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтіп жатыр. Бірінші күннің нәтижесі бойынша Қостанай облысының самбо құрама командасындағы Қостанай академиясының курсанттары жауынгерлік самбодан 59 келіде Галиаскар Дильназ - 2 орынға, 88 келіде Дәулет Данияр - 3 орынға ие болды. Нәтижесінде біздің спортшылар ұлттық құрама командасына алынып, элем және Азия чемпионаттарына қатысу үшін мүмкіндік алды. Курсанттар дене шынықтыру кафедрасының доценті полиция подполковнигі Е.А.Қабидуллиновтың және кафедра оқытушылары Ақылбеков А.А., Утенов Б.К.жетекшілігімен жаттығады.29_01_1.jpg29_01_2.jpg29_01_3.jpg29_01_4.jpg29_01_5.jpg
2024 ж. 29 нау., 06:00:30