Наурыз айының 6-7 күндері аралығында еркін күрестен 23 жасқа дейін жастар арасында Қостанай облысының чемпионаты өтті. Солардың қатарында Қостанай академиясының курсанттары 57 келі салмақ дәрежесінде Мустафа Рамзат, 61келі салмақ дәрежесінде Мадат Мирас, 74 келі салмақ дәрежесінде Бауыржан Асылан, 92 келі салмақ дәрежесінде Даулет Данияр жүлделі 3-орынды иеленді. Біз курсанттарымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарды сәттілік тілейміз!
2024 ж. 11 нау., 06:18:46