Бүгін қазақтың мемлекет қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні. Балалық кезінде Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарады, бірақ ол қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып, 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығы бойынша бітіріп, одан кейін Санкт-Петербургте білім алады. 20 жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының стипендиясын алады. Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы да басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі.
2024 ж. 05 нау., 06:17:24