Үшінші наурызда « Динамо» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қостанай облысының чемпионаты болды. Жарыс өте қызықты өтті. Әр үміткер өзінің күрес техникасымен ерекшеленді. Осы чемпионатқа Қостанай академиясының алты курсанты қатысты. Оның ішінде 103 оқу топ курсанты Амантай Мәди 79 келі салмақ дәрежесінде - 3 орын, 109 оқу топ курсанты Алипбаев Темирлан 71 келі салмақ дәрежесінде - 3 орын, 108 оқу топ курсанты Дәулет Данияр 88 келі салмақ дәрежесінде - 2 орын, 104 оқу топ курсанты Төлеубай Арай 64 келі салмақ дәрежесінде - 1 орын иегері атанды.ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының самбошылары әр жарыста жақсы нәтиже көрсетуде. Біздің жас спортшыларымызға алда тек сәттілік тілейміз.
2024 ж. 04 нау., 06:23:06