Қазақстанда 1 наурызда Алғыс күні атап өтіледі. Мереке еліміздегі халықтар арасындағы өзара түсіністіктің, достық пен келісімнің көрінісіне айналды. Академияның ктапхана залында кітапханашы Қаламқас Арғынғазина «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы халықтардың Қазақстанға жер аударылуы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, әдеби шолу жасады. Көрмеге қойылған басылымдарда корей, неміс, шешен, ингуш, поляк, латыш және басқа да халықтардың Қазақстанға депортациялануы мен қоныстануы, тарихтың қасіретті беттері, қазақтардың және республиканың басқа да халықтарының қалыптасуындағы рөлі және қазіргі Қазақстанның дамуы көрсетілді. Біздің Қостанай облысында тұратын халықтар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының жұмысы туралы баяндайтын басылымдар барынша толық көріністері баяндалды. Көрмеде сол оқиғаларды көзімен көргендердің естеліктері мен жадынамалары, фотоматериалдар, мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылды.
2024 ж. 28 ақп., 07:27:06