Бүгін Қостанай академиясының қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Ирина Овчинникова "Қазақстан Республикасының пробация институты" тақырыбында алғашқы кәсіптік даярлық курстарының 22-оқу тобының тыңдаушыларымен жалпы академиялық ашық дәріс сабағын өткізді. Бұл сабаққа Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Сабақтың мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пробация институтын қарау және зерделеу болды. Сабақты өткізу кезінде дәстүрлі педагогика әдістерімен қатар инновациялық технологиялар қолданылды.

