Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Қостанай академиясында алғашқы кәсіптік даярлық курстары тыңдаушылары арасында «Екі жұлдыз» байқауы болып өтті. Бұл творчестволық оқиға өнер мен көркемдік мерекесіне айналып, барлық көрермендерді бір серпілтіп тастады. Байқауға қатысушылар өздерінің таланты мен шығармашылығын жан-жақты көрсете білсе, білікті қазылар алқасы әр қойылымға мұқият баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Әрбір қатысушыға осы тамаша күнге қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз! Ал жеңімпаз атанған жұлдыздарымызды да ерекше құттықтағымыз келеді! Сонымен, «Екі жұлдыз» байқауының Гран-при марапатына 7 взвод (Алибек Ахатов, Нұрмұхамед Серік) ие болды, 1 орын – 6 взвод (Жаннат Молғаждар, Альбина Конахбаева), 2 орын – 21 взвод (Қанат Түймебай, Шапағат Нұрғали), 3 орын – 5 взвод(Мәди Қазбай, Аян Тойжан), «Көрермендер көзайымы» марапатын 3 взвод иеленді.

19_02_1.jpg
2024 ж. 19 ақп., 08:26:06