Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Қазіргі таңда Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттары қысқы демалыс кезінде жергілікті мектептеріне барып, бос  уақыттарын пайдалы өткізіп жатыр. Көп уақыттан бері көрмеген білім ордаларымен, мұғалімдерімен кездесудің өзі қандай ғанибет. Ал болашақ мамандықтарын таңдап жүрген жоғарғы сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру – нұр үстіне нұр емес пе?! Қостанай академиясының курсанттары Евгений Стучков, Екатерина Хагай, Ангелина Кирильчук Державинск қаласының Николай Островский атындағы, сондай-ақ Петропавл қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектептерінің  жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, Академияда қалай оқып, өмір сүріп жатқандарын айтты. Екі мектепте де кездесу диалог форматында,  жылы атмосфералық түрде өтті.12_02_1.jpg12_02_2.jpg12_02_3.jpg
2024 ж. 12 ақп., 08:48:34