Б.Майлин ауданының онға жуық жалпы білім беретін мектебіне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қостанай академиясының өкілдері келді. Әскери және тактика-арнайы даярлық кафедрасының доценті полиция подполковнигі Алмат Тойганов пен қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының оқытушысы полицияның аға лейтенанты Талғат Асылбеков ішкі істер органдарындағы қызметі туралы әңгімелеу үшін жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Полиция мамандығы - бұл қауіптен қорықпайтын және қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуға дайын адамдар үшін жақсы таңдау. Кездесуге 100-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты. Олар ақпаратты мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
2024 ж. 12 ақп., 07:45:41