Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Бүгінгі таңда жоғары сынып оқушыларының көпшілігі мамандық таңдау жағынан алаңдатушылық танытуда. Олар белгілі бір мамандықтар туралы көбірек білсе, өмір бойы дұрыс кәсіпті таңдау ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Жасөспірім шақта мамандық таңдау бұл - оқушының өз шешімі ғана емес, сонымен қатар оған үлкендердің де кеңесі ықпал етеді. ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының дене шынықтыру кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Серік Сыздықов пен аталған кафедраның оқытушысы отставкадағы полиция подполковнигі Бағдат Утенов кәсіптік бағдар беру мақсатында Қарасу ауданының бірқатар орта мектептерінің түлектерімен кездесіп, оларға полиция қызметінің ерекшеліктері жайында және Қостанай академиясына түсу ережелері мен шарттары туралы айтып берді.05_02_1.jpg05_02_2.jpg05_02_3.jpg
2024 ж. 05 ақп., 08:59:17